04
апрель
2026
04.04.2026ж. Семей қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясында "Абай әлемі" клубының ұйымдастырумен 7-10-сыныптар аралығында "Абайды оқы, таңырқа..." атты "Жас Абайтанушы "сайысы болып өтті.
Сайысқа қатысқан 22 оқушы қазылар алқасының шешімімен 1-2-3-орындар иеленіп, 1-орын алған оқушыларға гимназия директоры Олжас Сәбитұлының жетекшілігімен "Qasym" баспа үйі демеушілік жасап, Абайдың "Қарасөздері" жинағы табыс етіліп, барлық оқушылар Мадақтамамен марапатталды.
Ұйымдастырушылар:
"Абай әлемі" клубының жетекшісі Орынғожина Лауса Советқызы ;
Машықкерлер:
4-курс студенті Тұрарбек Бибігүл Нұрлыбекқызы;
3-курс студенті Жадрина Камилла Дәуренқызы