"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » «Майдангер аталарға тағзым»
11
май
2026

«Майдангер аталарға тағзым»

Гимназия оқушыларының қатысуымен жүрекке жылу сыйлаған патриоттық тәрбие шарасы өтті. Бұл кеш – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтап, жас ұрпақтың бойына елжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіруге бағытталды.

Шара барысында оқушылар соғыс жылдарының ауыр кезеңін сахналық көрініс арқылы бейнелеп, өлең оқып, ән шырқап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ең әсерлі сәттердің бірі – оқушылардың өз аталары туралы айтып, олардың фотосуреттерін таныстыруы болды. Бұл – әр отбасының тарихына тағзым, әр жүректегі құрметтің көрінісі.

Бір минут үнсіздік арқылы батырлар рухына тағзым жасалып, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтыны тағы бір мәрте дәлелденді.

Бұл кеш – тек естелік емес, бұл – бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін түсінуге, өткенді құрметтеп, болашақты бағалауға үндейтін маңызды тәрбие алаңы.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа аманат! 
ссылка1​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив