01
октябрь
2026
Акпарат
«ҰСТАЗҒА АРНАУ» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ2026 жылғы 30 қыркүйекте “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия” кітапханасында Ұстаздар күніне орай 4–9 сынып оқушылары арасында «Ұстазға арнау» атты гимназияішілік жас ақындар жыр мүшәйрасы өтті.
Шараны гимназия қабырғасындағы
«Ақ қауырсын» үйірмесі ұйымдастырды. Жас қаламгерлер ұстаз еңбегін жырлаған өлеңдерін мәнерлеп оқып, барынша шығармашылық қабілетін танытты.
Мүшәйра қорытындысында әділқазылар алқасының шешімімен
Бас жүлде: Мелетханова Айзада.
І орын: Нұрым Ақмейір.
ІІ орын: Баилова Жанерке.
ІІІ орын: Төлегенұлы Алдиярлар жүлделі орындарды өзара бөлісіп, арнайы дипломдармен марапатталды.
Сондай-ақ барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Аталған жыр мүшәйра оқушылардың поэзияға қызығушылығын арттырып, ұстазға деген құрметін шығармашылық арқылы жеткізуге мүмкіндік берді.