24
февраль
2026
24.02.2026 жыл Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасының жоспары бойынша қашықтықтан онлайн форматта ШҚО ББ Алтай ауданы білім бөлімі «Алтай қаласының №9 орта мектебі»
КММ Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясына құрылған шеберлік сыныбын өткізді.
Пән мұғалімі: А.А.Илюбаева Сабақтың тақырыбы: «Қожаның портреті»
Осы ашық сабаққа Хан апа зертханасы филиалдарының жетекшілері, Жакенова Құралай Құралтайқызы және Абельдинова Гульзат Жанымханқызы қатысты.
Бүгінгі ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық білдірді, берілген тапсырмаларды толық орындап, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасады. Олардың белсенділігі мен ынтасы сабақтың нәтижелі және тиімді өткенін дәлелдеді. Мұның барлығы ұстаздың қажырлы еңбегінің жемісі. Сізге жұмысыңызға табыс пен жетістіктер тілеймін!
ссылка1