25
март
2024
ЖАДЫНАМА
Қызылша - ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті жұқпалы ауру. Иммундалмаған, қызылшамен ауырмаған адамдар науқаспен байланыста болған кезде жасына қарамастан 90% жұқтыру қаупі бар.
📍Аурудың дамуының үш кезеңі бар:
1- Кезең- Хабаршы (1-3 күнде)
-қызба (38-39*С)
-жоғары тыныс жолдарының қатары (мұрыннан су ағу, жөтел);
-конъюнктивит;
-Белский –Филатов-Коплик дақтары (қызыл жолақпен қоршалған кішкентай ақшыл дақ – «жарма»);
2- кезең – Бөртпелер (4-5күнде)
Макуло-папулезді сипаттағы кезең-кезеңімен бөртпенің шығуы:
1-күн – бетте, мойында, құлақтың артында бөртпе;
2-күн – денеде;
3-күн – қол-аяқта.
3-Кезең – Пигментация (пигментация басталғаннан бері 4-күннен бастап)
-бөртпе сияқты бірізділікпен жүреді;
-кебек сияқты қабыршықтану;
-ұзақтығы 1-1,5 апта.
Асқынулар: пневмония, мидың зақымдануы, соқырлық пен кереңдік, шашыраңқы склероз, бүйректің зақымдануы.
Құрметті ата-аналар! Сіздің балаңыздың денсаулығы - сіздің қолыңызда! Осыған байланысты ата-аналарды баласының денсаулығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға және уақытында вакцинациялауға шақырамыз!



