Конкурс жариялау
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме аға тәлімгер лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аға тәлімгер лауазымы 1,0 жүктеме.
Орналасқан жері: индекс 071400 Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 70, Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70
Электрондық пошталық мекен-жай- semey_37@mail.ru;
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күнде жүзеге асырылады.
Ақы төлеу : - бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 100000 теңге
Лауазымдық міндеттері:
– өзіне бекітілген топта сабақтан тыс оқу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізеді, сондай-ақ оқушылар (топтағы тәрбиеленушілер) арасында мәдени-демалыс сипатында шаралар өткізеді;
– тәрбие жұмысында оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады;
– тәрбиеленушілер бойындағы азаматтық адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, оларды оқуға, еңбекке, қоғамдық меншік пен жеке меншіктегі мүліктерге жауапкершілікпен қарауға үйретеді, мәдениетті мінез-құлыққа дағдыландырады;
– оқушыларға (топтағы тәрбиеленушілерге) эстетикалық тәрбие беру ісін жүзеге асырады;
– оқушылар (топтағы тәрбиеленушілер) денсаулығының сақталуын және нығаюын қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін шаралар өткізеді (медицина қызметкерлерімен бірге);
– оқушылар (тәрбиеленушілер) арасында түзеу-дамыту жұмыстарын (топ бойынша немесе жекелей) жүргізеді;
– мінез-құлық ауытқуларының, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізеді;
– оқушылардың (топтағы тәрбиеленушілердің) жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсетуі, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауы, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы жөнінде тиісті жұмыстар ұйымдастырады;
– оқушылардың (тәрбиеленушілердің) бойында қызметтің белгілі бір түріне деген қызығушылықтың пайда болуына, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауына жәрдемдеседі, ықпал етеді;
– оқушылар (тәрбиеленушілер) ұжымы қызметіндегі өзін-өзі басқару бастамаларын ұйымдастыруға көмектеседі. Оқушылар (тәрбиеленушілер) активінің жұмысын ұйымдастырады;
– оқушылардың (топтағы тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, олардың отбасындағы жағдайы мен тұрмыстық хал-ахуалын зерттеп, зерделейді;
– тәрбиеші көмекшісінің, кіші тәрбиешінің және басқа қызметкерлердің бірыңғай білім беру процесі аясындағы жұмыстарын үйлестіреді;
– аға тәрбиеші міндетін атқару кезінде тәрбиешілер жұмысын басқарады, оларға әдістемелік көмек көрсетеді, озат педагогикалық тәжірибелерді қорытуға атсалысады, тәрбиешілер біліктілігін көтеруге, олардың творчестволық бастамаларын дамытуға жәрдемдеседі;
– қоғамдық ұйымдар, қайырымдылық қорлары өкілдерін, қосымша білім беру мекемелері қызметкерлерін оқушылар (топтағы тәрбиеленушілер) ұжымымен жұмыс жүргізу ісіне қатысуға тартады;
– оқушылардың (топтағы тәрбиеленушілердің) күн режимін орындауларын бақылайды, үй тапсырмаларын әзірлеуді, мәдени-демалыс, сауықтыру т. б. шараларын ұйымдастырады;
– оқушыларды өз бейім, қабілеттеріне қарай көркем шығармашылық, ғылыми-техникалық, спорт секцияларына, клубтар жұмысына тартады;
– ата-аналармен және педагогтармен тұрақты байланыс орнатады, оқушыларға (топтағы тәрбиеленушілерге) педагогикалық талаптардың бірыңғай сипатта болуына қол жеткізеді;
– өзіне бекітілген топта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді;
– әдістемелік жұмыстарға қатысады және өз біліктілігін арттырып отырады;
– тәрбие жұмыстарын жетілдіруге байланысты ұсыныстар ендіреді;
– өз жұмысын сынып жетекшісі жұмысымен үйлестіреді;
– топ туралы белгіленген құжаттамаларды жүргізеді, әкімшілікке үлгірім, тәртіп туралы мәліметтер береді, оқушылардың (өзіне бекітілген топтағы тәрбиеленушілердің) мінездемелерін әзірлейді;
– балаларды мұғалімдерден, ата-аналардан немесе оларды алмастыратын тұлғалардан тізім бойынша қабылдап алады;
– оқушылар тарапынан Ішкі тәртіп ережелерінің орындалуына, этикалық және мінез-құлық мәдениеті нормаларының сақталуына, №37 гимназия мүліктерін ұқыпты сақтауына қол жеткізеді;
– оқушылардың (өзіне бекітілген топтағы тәрбиеленушілердің) тамақтануын ұйымдастырады және қадағалайды;
– оқушылар (топтағы тәрбиеленушілер) арасында салауатты өмір салтын насихаттайды, зиянды әдеттермен күрес жүргізеді, оқушылардың сыртқы кескін-келбетін бақылайды және олардың жеке гигиена ережелерін сақтауын қадағалайды;
– өзіне бекітілген топта еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
– тұтанғыш және жарылғыш заттар мен қондырғыларды, сигарет, папирос, темекі, спиртті ішімдік, есірткі және еліткіш нәрселер мен суық қаруларды тез арада алып қояды. Алынған заттар туралы директордың тәрбие жөніндегі орынбасарына жазбаша мәлімет береді
- «Жас Ұлан » мектеп комитетінің жұмысын ұйымдастыру, сынып белсенділерімен жұмыс
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;
- біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 05 мамырынан бастап 14 мамырды қоса алғанда.
Құжаттарды қарау мерзімі 2022 жылғы 16 мамырдан бастап 2022 жылғы 20 мамырды қоса алғанда.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: .
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
ҮЛГІ
Мемлекеттік білім беру | |
Нысан |
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат | Балл саны (1-ден 20-ға дейін) | |
1. | Білім деңгейі | Білімі туралы диплом | Техникалық және кәсіптік = 1 Жоғары күндізгі = 5 жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2 жоғары білім туралы үздік диплом = 7 | |
2. | Ғылыми / академиялық дәрежесі | Білімі туралы диплом | Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5 PHD-докторы = 10 Ғылым докторы = 10 Ғылым кандидаты = 10 | |
Ұлттық біліктілік тестілеуі | Сертификат | "Педагог" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60-қа дейін = 0 балл 60-тан 70-ке дейін = 2 балл 70-тен 80-ге дейін = 5 балл 80-нен 90-ға дейін = 6 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40-қа дейін = 0 балл 40-тан 50-ге дейін = 1 балл 50-ден 60-қа дейін = 2 балл 60-тан 70-ке дейін = 3 балл "Педагог-модератор" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін = 0 балл 60-тан 70 балға дейін = 3 балл 70-тен 80 балға дейін=6 балл 80-ден 90 балға дейін=7 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40-тан 50 балға дейін=2 балл 50-ден 60 балға дейін=3 балл 60-тан 70 балға дейін=4 балл "Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін=0 балл 60-тан 70 балға дейін=4 балл 70-тен 80 балға дейін=7 балл 80-нен 90 балға дейін=8 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40-тан 50 балға дейін=3 балл 50-ден 60 балға дейін=4 балл 60-тан 70 балға дейін=5 балл "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін=0 балл 60-тан 70 балға дейін- 5 балл 70-тен 80 балға дейін=8 балл 80-нен 90 балға дейін=9 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40 - тан 50 балға дейін=4 балл 50-ден 60 балға дейін=5 балл 60-тан 70 балға дейін=6 балл "Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл | ||
3. | Біліктілігі/Санаты. | Куәлік, өзге де құжат | 2 санат-1 балл 1 санат -2 балл Жоғары санатты-3 балл Педагог-модератор-3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог- зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл | |
4. | Педагогикалық қызмет өтілі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | 1 жылдан 3 жылға дейін = 1 3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5 5 жылдан 10 жылға дейін = 2 10 жылдан және одан артық = 3 | |
5. | Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | әдіскер= 1 балл директор орынбасары= 3 балл директор = 5 балл | |
6. | Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін | Білім туралы дипломға қосымша | Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл "жақсы" = 0,5 балл | |
7. | Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) | Хат | Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл | |
8. | Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері | - білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары; - мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары; - мемлекеттік награда | олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл ғылыми жобалар-1 балл олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл "Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл "Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10 | |
9. | Әдістемелік қызмет | - авторлық жұмыстар және жарияланымдар | ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы | |
10 | Қоғамдық-педагогикалық қызмет | - көшбасшылық - көптілділікті жүзеге асыру | тәлімгер-0,5 балл ӘБ жетекшілігі -1 балл кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл 2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл 3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл | |
11 | Курстық дайындық | - пәндік дайындық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық сертификаты, ҚАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту | НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары – 0,5 балл курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке) | |
Барлығы: | Максималды балл – 83 |