«Менің мектептегі бір күнім»



















Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талаптарына сай тұлғаны қалыптастыруда гимназияішілік үйірме, клуб, спорт секцияларының ролі орасан зор. Негізгі алға қойған мақсат: жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қаблетті маман болудың алғашқы баспалдағынан сүрінбей өтуге даярлап, олардың бойында Қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру және ғылымға деген құштарлықтарын оята білу. Осындай мақсатта сан түрлі атқарып жүрген гимназияішілік үйірме, клубтардың «Менің мектептегі бір күнім» жобасы аясында бір күндік жұмыс барысын назарларыңызға ұсынамыз.
Сонымен қатар оқушылардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерін дамыту бағытындағы «Өзін-өзі басқару» ұйымының да ұйымдастырған іс-шаралары бүгінгі күннен тыс қалған жоқ.
Ұстаздар мен оқушылардың жұмыстарына шығармашылық шабыт тілейміз.