14
май
2025
Гимназиямызда құқықтық тәрбие сағаты өтті
Бүгін гимназиямызда ерекше маңызы бар кездесу өтті. Қонақ ретінде облыстық прокуратура басқармасының бастығы – Калиасқаров Мейіржан Төлегенұлы келіп, “Заң және тәртіп” тақырыбында оқушыларға арнайы дәріс оқыды.
Лекция барысында буллинг, кибербуллинг, “закладка”, “дроп”, интернет алаяқтық сияқты қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен қозғалды. Мейіржан Төлегенұлы оқушыларға осы қауіптерден қалай сақтану керек, қандай құқықтық жауапкершілік бар екенін нақты мысалдармен түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған құнды ақпараттармен бөлісті.
Шараға 8–9-сынып оқушылары, сынып жетекшілері мен гимназия әкімшілігі қатысып, ашық диалог форматында сұрақтар қойып, маңызды жауаптар алды.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде қауіпсіз болуға үйрету және заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру.
Оқушылар үшін мазмұнды, маңызды және тәрбиелік мәні зор кездесу болды.
ссылка 1Лекция барысында буллинг, кибербуллинг, “закладка”, “дроп”, интернет алаяқтық сияқты қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен қозғалды. Мейіржан Төлегенұлы оқушыларға осы қауіптерден қалай сақтану керек, қандай құқықтық жауапкершілік бар екенін нақты мысалдармен түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған құнды ақпараттармен бөлісті.