"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының өңірлік кезеңі аяқталды.
23
ноябрь
2023

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының өңірлік кезеңі аяқталды.

Оған 1000-нан астам педагог қатысты, олардың 172-сі республикалық кезеңге өтті.
🎞Бірінші кезеңге қатысу үшін педагогтер өз идеяларын: бейнероликтер, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, цифрлық білім беру ресурсы немесе бейне подкаст түрінде рәсімдеді. Жұмысты жалғыз немесе командада дайындауға рұқсат етілді.
«Біздің педагогтер уақытпен қатар жүріп, лайықты жұмыстар көрсетіп жатқаны қуантады. Биылғы “Педагогикалық идеялар панорамасының” ерекшелігі байқау бағыттары болды. Бейнесюжеттер алғаш рет пәндер немесе әдістер бойынша емес, функционалдық сауаттылық түрлері бойынша жасалды. Барлығы 12: Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, Математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық»
Оқу сауаттылығы бағыты бойынша гимназиямыздың ағылшын тілі мұғалімі Кармысова Рыс Окметкановна 1- орынға ие болды.
🏆Конкурстың республикалық кезеңге жолдама алды, енді қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша ынталандыру сертификаты беріледі.
Белсене қатысқан ағылшын тілі мұғалімдері: А.А.Курмашова., М.А. Әуелханова., Л.К. Махамбаева сертификатқа ие болды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив